Бельгияда теміржолшылар ереуілі жол қозғалысын шектеді

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Бельгияның французтілді аймағы Валлонияда теміржолшылардың ереуілі пойыздар мен көліктердің қозғалысын тежеді, деп хабарлады дүйсенбі күні «RTBF» телерадиокомпаниясынан.

Таңғы қарбалас мезгілде елдің басты күре жолдарында, әсіресе, Брюссель, Намюр, Льеж бойынша бағыттарда жалпы ұзақтығы 500 шақырымнан асатын үлкен кептеліс пайда болды.

Валлонияда өткен жұмада кәсіподақтардың бельгиялық теміржол оператор компаниясымен еңбек ахуалын жақсарту туралы келіссөздері нәтижесіз аяқталған соң наразылық шерулері басталды.
Наразылық акциясына байланысты Бельгияның аумағында 30 және 31 мамыр күндері пойыздардың ішкі қозғалысы шектелді.

Соңғы жаңалықтар