Бельгияда орта мектеп мұғалімдері шеруге шықты

None
Photo: rtbf.be
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Бельгияның әлеуметтік және либералдық кәсіподақтары бастауымен 3 мыңнан 5 мыңға дейін шеруші орта мектеп мұғалімдерінің жаңа реформаларға қатысты алаңдаушылығын білдіру үшін Бельгия астанасында марш ұйымдастырып, жүріп өтті, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Наразылық танытушылар кейінгі жылдағы бесінші қарсылық акциясын өткізу мақсатында Брюссельдің Оңтүстік вокзалының алдында бейсенбі таңертең жиналды. Ұстаздар Валлония білім министрі Каролина Дизер бастаған жаңа реформаларға қарсы шығып жатыр.

Ереуілшілер жалақыны қайта қарауды, сондай-ақ білім жүйесін мұғалімдер мен түрлі санаттағы оқушылардың қажеттілігін ескеретіндей жақсартуды талап етті.


Соңғы жаңалықтар