+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Бельгияда коронавирусқа қарсы күрес шаралары күшейтілуде

2020 жылғы 31 қазан 12:09
Бөлісіңіз:
Бельгияда коронавирусқа қарсы күрес шаралары күшейтілуде

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Бүгін Бельгия билігі коронавирус инфекциясымен ауыратындар санының өсуіне байланысты карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда 900-ге тарта бала коронавирустан емделіп жатыр Пневмония: Бір тәулікте 164 адам ауруға шалдығып, 3 науқас қайтыс болды Өткен тәулікте 143 науқас коронавирустан сауығып кетті

Жаңа шаралар 2 қарашадан бастап күшіне енеді және ағымдағы жылдың 13 желтоқсанына дейін күшінде қалады. Бельгия тұрғындарына үйде бір ғана адамды қабылдауға рұқсат етіледі, ол жақын туысы болған жағдайда ғана. Жалғыз басты адамдар екі адамды қабылдай алады, бірақ әлеуметтік ара қашықтықты сақтау керек.

Азық-түлік дүкендерінен басқа барлық дүкендер жұмысын тоқтатады. Сұлулық салондары да жұмыстарын тоқтатады. Бельгия мектептеріндегі күзгі демалыс 13 қарашаға дейін созылады.

Қашықтықтан жұмыс істеу барлық қызметкерлер үшін міндетті болмақ. Қонақ үйлердегі мейрамханалар мен барлар жабық болады, бөлмеде ғана тамақтануға рұқсат. Жерлеу рәсіміне 15-тен артық адам қатыса алмайды. Ұлтқа бейнеүндеуінде Бельгия премьер-министрі Александр де Кроо коронавируспен күресте бірлесе жұмыс істеудің маңыздылығын атап өтті.

«Еліміздегі жағдай өте қиын», - деді А.Кроо, бүкіл ел бойынша вирус жұқтырғандар мен өлім көрсеткіштерінің өсуіне назар аудара отырып.

Бельгияның Министрлер кабинеті басшысының айтуынша, бүгінгі таңда бірінші және жалғыз басымдық - дәрігерлерге көмек көрсету және жағдайды өзгерту.

«Вирустың өсуі тоқтауы керек», - деді Бельгия премьер-министрі.

Сондай-ақ вирустың адамдарды жас немесе кәрі деп танымайтынын ескерте келе, әсіресе жастарды карантин шараларын сақтауға шақырды.

«24 жастағы адамның өмірі біз үшін 74 жастан гөрі қымбат болғандықтан емес, көптеген жастар бұл вирус оларға әсер етпейді деп ойлайды. «Алтын ережелер» бізде бар ең маңызды қару болып қала береді», - деп Де Кроо ережелердің сақталатынын меңзеді. Сондай-ақ ол арқаны кеңге салу проблемаларды одан сайын ушықтыратынын жеткізді.

Бельгия коронавирус жұқтырғандар саны бойынша 23-ші орында.

29 қазанда бұл елде 368 337 мың адам тіркелсе, 11170 адам қайтыс болған. Яғни өлім-жітім 3,03% пайызды құрап отыр. Толықтай 23 969 адам жазылып шыққан.


Арнұр Рахымбеков

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлзат Ақжолова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT