Бельгияда Қазақстан Парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттарға сайлау басталды

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Брюссель уақыты бойынша таңертеңгі сағат 07:00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен 12:00) Бельгия астанасында №241 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Сайлау учаскесі Бельгия Корольдігінде және Люксембург Ұлы Герцогтігінде қоса атқарылатын Қазақстан Республикасының Елшілігі жанында ұйымдастырылды.

Сайлау учаскесінің жұмысы салтанатты түрде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаудан басталды.


«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық Заңының 38-бабы 1-тармағына сәйкес, дауыс беру Брюссель уақыты бойынша 07:00-ден 20:00-ге дейін өткізіледі.


Авторы Арнұр Рақымбеков


Соңғы жаңалықтар