Бельгияда атом электр станциясының бір реакторы өздігінен істен шығып қалды

Фото:
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Бельгияның Льеж провинциясындағы «Тианж-3» атом реакторы жоспардан тыс өшіп қалды. Билік елдегі электр қуатына төнген қауіп жоқ екенін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тианж-3 ядролық реакторы қазір жұмыс істемейді. Атом электр станциясын басқаратын Engie энергетикалық компаниясы реактор жұмысы дүйсенбі күні таңғы 8:30 шамасында тоқтап қалғанын хабарлады.

Оператор мәлімдемесінде бүгін таңертең қызметкерлер реакторды қауіпсіз күйге келтіргені айтылған. Қазіргі уақытта «Engie Electrabel» реактордың тоқтап қалу себебін анықтап жатыр.

Бельгияда жұмыс істеп тұрған қалған 5 ядролық реактор қалыпты жұмыс істеп тұр және электр желісі операторы Тианж-3 реакторындағы ақаулар электр қуатына әсер етпейтінін айтады.


Соңғы жаңалықтар