Бельгияда арықтау үшін диабетке қарсы дәрі-дәрмекті қолдану белең алды

None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Бельгияның қант диабетімен ауыратын науқастарды біріктіретін диабет лигасы жергілікті дәрігерлерді ауыр сырқаты жоқ адамдарға Оземпик (Ozempic) медициналық препаратын тағайындауды тоқтатуға шақырады, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Фламандтық VRT телеарнасы Ozempic препараты 2 типті қант диабетімен ауыратын адамдарда қандағы қант деңгейін реттеуге арналған деп хабарлайды. Алайда, препарат қант диабеті жоқ, артық салмақтан арылғысы келетін адамдар арасында танымал.

Телеарнаның мәліметінше, қазір Бельгияда Ozempic-ке сұраныс айтарлықтай артқан, дәрілік препаратқа нағыз мұқтаж адамдардың өзіне оны дәріханадан табу қиынға соғып отыр.

Бельгиялық фармацевтердің дәрі-дәрмектің бар-жоғын тексеру үшін пайдаланатын жергілікті веб-сайтында препараттың 9 қыркүйекке дейін жоқ екендігі көрсетілген.

Диабет лигасының өкілі Люк Байс бұл дәрі-дәрмекті салмақ жоғалту үшін де қолдануға болатындығын атап өтті.

«Дәрі-дәрмектің тиімді екені туралы ғылыми дәлелдер бар, бірақ ол Бельгияда артық салмақтан арылу құралы саналмайды», - деді ол.

Бельгияның жалпы фармацевтика федерациясының қызметкері Майкл Сторме кейбір дәрігерлер Ozempic-ті салмақ жоғалтуға арналған дәрі ретінде тағайындайтынын айтты.


Фото:vrt.be



Соңғы жаңалықтар