Бельгияда аптап ыстық 410 адамның өмірін қиды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропаның көптеген елдері, атап айтқанда Бельгия жазғы аптап ыстықтан қатты зардап шекті.

Бельгияның Ұлттық денсаулық сақтау институты елде ауа температурасының жоғарылауы және оның құрамында озонның көп мөлшері салдарынан бельгиялықтар арасында өлім деңгейінің өскені туралы мәліметтерді келтіріп отыр. Ауа температурасының осындай күрт әрі ұзақ өсуі Еуропада соңғы рет 2006 жылы белгіленген.

Зерттеу орталығының жұмыскерлері осыған ұқсас жағдай сондай-ақ Франция мен Голландияда байқалып отырғанын хабарлады. Әсіресе, 85 жастан асқан қарттар көбірек зардап шекті. Олардың арасындағы өлім деңгейі 33 пайызға өскен, деп хабарлайды comandir.com.

Соңғы жаңалықтар