Бельгияда алғаш рет балаға эвтаназия жасалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бельгияда 2014 жылы заң қабылданғаннан бері алғаш мәрте кәмелетке толмағанға эвтаназия жасалды, деп хабарлайды Euronews.

Королдік - дауасы жоқ сырқатқа шалдыққан әрі «өз  әрекетіне жауап беруге қабілетті» балаларға өмірімен қош айтысуға шешім қабылдауына рұқсат беретін әлемдегі жалғыз мемлекет.

Эвтаназияны бақылау жөніндегі комиссия басшысы, профессор Вима Дистелманстің айтуынша, бұл ерекше жағдай болған:
«Ең алдымен кәмелетке толмаған жасөспірімдер жазылмайтын аурудың соңғы сатысына көп шалдыға бермейтінін айту керек. Екіншіден көптеген дәрігерлер ескі тәсілді қолданады: сырқатты жасанды комға енгізеді, содан соң паллиативтік седацияға өткізеді».

Кәмелетке толмағандарды улы екпемен эвтаназиялау туралы заң  Бельгияда осы рәсімді кәмелетке толғандарға заңдастырғаннан кейін барып 12 жылдан соң қабылданған. Ол бойынша баланың өзі өтініш беруі керек, ал ата-аналардан тек келісім беру ғана талап етіледі.

 

Соңғы жаңалықтар