Бельгияда 1 литр бензиннің бағасы алғаш рет 2 евродан асты

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Бельгияда бензин бағасы тағы да шарықтап кетті. Экономика жөніндегі федералдық қызмет 17 мамырдан бастап, жанармай құю станцияларына қоюға рұқсат етілген баға арта түсетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бельгияда алғаш рет 95 маркілі бензиннің 1 литрі 2 евродан асып, 2,025 евроға жетеді (шамамен 1 литр бензин 902 теңге болады).

Сондай-ақ 98 маркілі бензиннің ең жоғарғы бағасы 2,20 евродан асады. Бұл жолғы бағаның өсімі осыған дейінгі үкімет бекіткен бағадан 9,2 евроцентке қымбат болып отыр. 98 (E5) бензинінің бағасы 16,1 евроцентке қымбаттайды.

Дизель отынының бір литрінің шекті бағасы өзгеріссіз қалды – биылғы жылдың 5 наурызында бір литр дизель отынының құны 2 еуродан асқан. Бельгияда бензин және дизель отынының бағасы халықаралық нарықтағы мұнай бағасының ауытқуына байланысты болып отыр.

Украинадағы қақтығыс басталғалы мұнай бағасы айтарлықтай өскен. Бельгияның федералды үкіметі соққыны жұмсарту үшін жанармайға салынатын акциздер деңгейін уақытша төмендетті. Бұл шара кем дегенде биылғы жылдың 30 қыркүйегіне дейін күшінде болады. Осыған қарамастан, көлік жүргізушілері үшін жанармай құны көтеріліп келеді.


Соңғы жаңалықтар