Бельгия Үндістан, Бразилия және ОАР-мен әуе қатынасын тоқтатты

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Бүгін Бельгияда карантиндік шаралар бойынша үкімет жанындағы консультативті кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Бельгия Үндістан, Бразилия және ОАР-дағы ауыр эпидемиялық ахуалға байланысты жолаушы тасымалдауға тыйым салуға шешім қабылдады.

Үкіметтің хабарлауынша, Бельгия ішкі істер министрі Аннелис Верлинден жақын арада осы шараны іске асыру үшін министрлік жарлық жариялайды.

Бұдан бөлек, Бельгия билігі шекара кесуді шектеуде. «Санаулы рет қана керекті сапарлар» жасауға рұқсат етілген:

- Көлік қызметкерлері мен теңізшілердің кәсіби сапарлары;

- Дипломаттар, халықаралық ұйымдар қызметкерлері мен олардың шақыруымен келген тұлғалар.

Аталған жағдайларда сапардың маңызды екенін растайтын ресми құжат көрсетілуі керек.

Бельгияның федералды үкіметі елдегі эпидемиологиялық ахуалды бақылауында ұстап отыр. Үйлестірілген тәсілдерді қамтамасыз ету үшін әрі қарай ЕО деңгейіндегі консультациялар қарастырылған, атап айтқанда Бельгиямен көршілес орналасқан елдермен.

Авторы: Арнұр Рақымбеков


Соңғы жаңалықтар