Бельгия Ресей туын көтерген кемелерге қарсы санкциялар қолдана бастады

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – 17 сәуірде Бельгия Ресей туын ілген теңіз кемелеріне қатысты Еуроодақ белгілеген санкцияларды қолдана бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Украинадағы қақтығыс ЕО-ның Ресейге қарсы жаңа санкцияларына әкелді, оның ішінде ресейлік кемелердің Еуроодақ кемежайларына кіруіне тыйым салынды. Бұл тек ауыл шаруашылығы, азық-түлік өнімдері, гуманитарлық көмек және энергетикаға қатысты емес.

Бельгияның Антверпен порты 2022 жылдың 10 тамызына дейін айлаққа табиғи газ, мұнай, көмір және басқа да қатты қазбалы отындар, барлық фармацевтикалық, медициналық, ауылшаруашылық және азық-түлік өнімдерін (мысалы, бидай), тыңайтқыштар мен гуманитарлық көмекті жеткізуге болатынын растады.


Соңғы жаңалықтар