Бельгия пандемияға байланысты пойыз қозғалысын қысқартады

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Бельгияның «Thalys» жүрдек пойыздар операторы биылғы 2 қарашадан бастап, коронавирус инфекциясына қатысты шектеулерге орай өз пойыздарының 30 пайызын ғана қолданатынын мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

«Thalys» компаниясы ел ішінде, сондай-ақ Брюссельден Францияға, Нидерландыға және Германияға жолаушылар тасымалын жүзеге асырады.

Тасымалдаушы компания қазан айында өз қызметтерінің көлемін 60-тан 40 пайызға дейін қысқартуға мәжбүр болғанын мәлімдеді.

Пандемияға байланысты қараша айынан бастап Брюссель мен Париж арасында күніне алты рейс, Брюссель мен Амстердам арасында үш рейс, Брюссель мен Германияға екі рейс жасалатын болады.


Соңғы жаңалықтар