Бельгия мен Нидерландыда коронавирус жұқтыру жағдайлары азайды

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Соңғы тәулікте Нидерландыда коронавирусқа тестілеудің оң нәтижесімен 2875 жағдай тіркелді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Бір апта бұрын Нидерландыда бұл көрсеткіш 3469 болған.

Қарттар үйлеріндегі вирустың таралуы бәсеңдеп келеді: соңғы 14 күнде 509 мекеме қызметкерлер мен қарттар арасында вирустың таралғаны жайлы хабарлады. Екі апта бұрын бұл көрсеткіш 577 мекеме болған.

Нидерланды Ұлттық денсаулық сақтау институты RIVM-нің хабарлауынша, қазіргі күні вакцинаның 783606 дозасы қолданылған. Бұл – халықтың 4,57% вакцина алды деген сөз.

Көршілес Бельгияда 6-12 ақпан аралығында COVID-19 жұқтырудың тәулігіне орташа 1809,4 оқиғасы тіркеліп келді. Бұл оның алдындағы апта көрсеткішінен 20% төмен.

Соңғы екі аптада Бельгияда коронавирус жұқтыру көрсеткіші 100 000 адамға шаққанда 247,8-ді көрсетіп, 9% төмендеді.

Жалпы, Бельгия тұрғындарының 366 558-і, яғни 3,98% вакцинаның бірінші дозасын алды, оның ішінде 190 324 бельгиялық екінші дозасын да ектірді.

Соңғы жаңалықтар