Бельгия мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 44 млн долларға жетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бельгияның бизнесмендері Алматыда түрлі жобаларды жүзеге асыруға мүдделі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің Франция Ұлттық ассамблеясының депутаты Пьер Кабарэмен, Қазақстандағы Бельгияның елшісі Алекси Де Кромбрюгхемен кездесуінде айтылды.

«Бүгінде қалада сауда-саттық, өнеркәсіп және тағы басқа салада бельгиялық капиталы бар 28 кәсіпорын орналасқан. Екі ел арасындағы тауар айналымы алғашқы жарты жылдықта 44 млн. АҚШ долларына жетті. Бұл көрсеткіш былтырғы жарты жылдықпен салыстырғанда екі еседей көп. Қала экономикалық тұрғыда жылдам өсіп, транспорт жүйесі дамып, өмір сүру жайлылығы артып келеді. Бельгиялық бизнесмендер келер жылы Алматыда сауда-экономикалық мақсаттағы түрлі жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр», - деді Бельгия елшісі.

Кездесу барысында Франция Ұлттық ассамблеясының депутаты Пьер Кабарэ мәдени бағыттағы серіктестік аясын кеңейтуге қызығушылық білдіретінін айтты.

«Алматы мәдениет орталығы саналғандықтан, мұнда жасампаз жастар жиналған. Әрі қала түрлі мәдени шараларды жиі ұйымдастырады. Өзім «Star of Asia» фестивалінде көрермен болдым. Фестиваль шынында да жақсы әсер сыйлады. Біз Франция өкілдерінің Алматы кинофестивалдеріне қатысуына ықпал етпекпіз. Сондай-ақ екі ел арасындағы мәдени серіктестіктің бірі фешниндустрия болмақ», - деді Пьер Кабарэ.

Сонымен қатар ол Алматыда түрлі бағыттағы француз капиталы бар 64 кәсіпорын орналасқанын атап өтті. Қалада «Леруа Мерленнің» жұмыс істейтіні мен «Декатлонның» ашылатыны өзге компаниялар үшін де жақсы көрсеткіш.

 

Соңғы жаңалықтар