Бельгия коронавирустың екінші толқынын еңсеруде

БРЮССЕЛЬ – ҚазАқпарат – Бельгиядағы «Sciensano» ғылыми орталығының соңғы мәліметтеріне сәйкес, қалада коронавируспен сырқаттанудың барлық көрсеткіштері төмендеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

11-17 қараша аралығында орта есеппен 3939 адамда COVID-19 вирусы анықталды, бұл өткен аптадағы көрсеткіштен 38%-ға аз. Бельгияда пандемия басталғаннан бері расталған жағдайлардың жалпы саны 553 680 адамды құрайды. Соңғы екі аптада 100 000 тұрғынға шаққанда 623,8 инфекция расталды, бұл бұған дейінгі екі аптадан 63%-ға аз.
Ауруханаға жатқызу көрсеткіштері 14-20 қараша аралығында орта есеппен 344,3 пациентті құрады, бұл алдыңғы кезеңнен 29%-ға аз. Бельгиядағы ауруханаларда барлығы 5418 коронавируспен ауыратын науқас бар. Бұған дейін Бельгия Үкіметі «қатаң локдаун» ағымдағы жылдың 13 желтоқсанына дейін ұзартылатынын хабарлаған болатын.
Сонымен қатар, мемлекет өкілдері Бельгияда Жаңа жыл қарсаңында карантин шараларын айтарлықтай әлсірету туралы айтудың қажеті жоқ екенін атап өтті.
- Мадридте жарылыстан қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ - СІМ
- Ақпан айында Ақтөбеде 1 мың адам коронавирус вакцинасын қабылдайды
- Бағдадтағы жарылыс: 5 адам қаза тауып, жетеуі жараланған
- COVID-19 жұқтыру қаупін профилактика және вакцина жүргізу арқылы азайтуға болады - алматылық профессор
-
Қазақстан экономикалық еркіндік деңгейі бойынша әлем елдері арасында 40 орында тұр
-
Қазақстанға әуе рейсімен келген үш жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам