+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

Бельгия халықты вакциналау қарқынын арттыруда

2021 жылғы 11 сәуір 18:54
Бөлісіңіз:
Бельгия халықты вакциналау қарқынын арттыруда

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Бельгия тұрғындарына Еуропалық Одақта COVID-19-ға қарсы қолжетімді үш вакцинаның 2,3 миллионнан астам дозасы егілді, деп хабарлайды ҚазАқпаратың меншікті тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бельгиялық Фландрия вакциналау санын екі есе көбейтті Елімізде коронавирус вакцинасын салдырғандар саны 1,8 миллионнан асты Қазақстанда вакцинаның екі дозасын алған 44 адам коронавирус жұқтырған

Бельгияның вакцинация бойынша Мақсатты тобының ақпаратына сәйкес, көрсеткіш бұдан да жоғары болуы мүкін. Себебі «VaccinNet» базасына барлық деректер енгізілмеген. 8 сәуірдегі жағдай бойынша, 2 283 000 доза вакцина егілді. Тағы 100 мың доза препарат Бельгия тұрғындарына жеткізілді, деп хабарлады онлайн-баспасөз конференцияда Мақсатты топтың басшысы Сабина Стордер.

Ауруларды алдын алу және бақылау Еуропалық орталығының (ECDC) дерегіне сай, вакцинация қарқынының өсіп келе жатқанына орай Бельгия 18 және одан жоғары жастағы азаматтарға кем дегенде бір екпе жасалған ЕО-ның «топ-10» (халықтың 16,6%-ы) елінің қатарына кірді.

Бұдан бөлек, келесі аптадан бастап «Johnson & Johnson» америкалық фармацевтикалық компаниясының вакцинасы қолжетімді болады. Оның ерекшелігі: қауіпті инфекцияға иммунитет қалыптастыру үшін бір ғана екпе жеткілікті.

ЕО-да рұқсат етілген төртінші вакцинаның алғашқы партиясы (36 мың) 12 сәуір күні егіле бастайды. Тағы 6 мың доза 26 сәуірден бастап егілмек.

Препарат Pfizer/BioNTech (1,8 млн-нан астам дозасы Бельгияға жеткізілді), AstraZeneca (823 мың доза), Moderna (334 мың доза) вакциналарымен қатар егіледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бибіхан Серікова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT