Бельгия барлық субъектілерден электронды төлем терминалдары талап етілетін заң қабылдады
2022 жылғы 2 шілде 14:43

Бельгия барлық субъектілерден электронды төлем терминалдары талап етілетін заң қабылдады

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Осы жылдың 1 шілдесінен бастап Бельгияда электрондық төлем құралдары барлық жерде болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Жеке сатушылар, мемлекеттік органдар, кәсіби мамандар (дәрігерлер, стоматологтар мен заңгерлер), экономикалыө қызметпен айналысатын қауымдастықтар, клубтар электрондық түрде төлем жасайтын кем дегенде бір құрал ұсынуы тиіс.
Бұл шара осы жылдың наурызында Бельгия Федералдық парламентінің депутаттары қабылдаған заң жобасында қаралған.
Трейдерлер өз клиенттеріне қандай төлем әдісін ұсынуды өздері таңдайды. Қолма-қол ақы төлеуге де болады.
Бұл ұсыныстар салық алаяқтығына қарсы күрес бойынша жоспардың бір бөлігі.
Мемлекеттік орган өкілдері клиенттер электрондық құралдармен неғұрлым көп төлесе, табыс жасыру соғұрлым мүмкін болмайды деп есептейді.


Сурет: Joe Raedle/Getty Images

Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT