Бельгия астанасында коменданттық сағат ұзартылады

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Брюссель билігі коменданттық сағатты желтоқсан айының ортасына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазан айының соңында Брюссельде коронавирусқа шалдыққан адамдар санының күрт өсуіне байланысты сағат кешкі 22:00-ден таңғы 06:00-ге дейін тұрғындардың қозғалысына шектеу қойылған.

Бүгін Брюссель қалалық аймағының басшысы Руди Верворт коменданттық сағаттың 2020 жылғы 13 желтоқсанға дейін ұзартылатынын мәлімдеді.

«Брюссельде пандемия статистикасы әлі де алаңдаушылық тудыртып отыр», - деп атап өтті қала басшысы.

Бельгияның Sciensano ғылыми орталығының мәліметінше, 18 қарашада елорда аймағында КОВИД-19 вирусын жұқтырудың 400-ден астам жаңа оқиғасы тіркелді.

Бельгиялық Валлония да аймақтық коменданттық сағатты аталған күнге дейін ұзартқан.

Соңғы жаңалықтар