Бекжан Садықов: Президент өмір сапасы мен деңгейін жақсартатын кешенді шараларды енгізді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері Бекжан Садықов елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен өзінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасы аясында алдағы жарты жылдың өзінде өмір сапасы мен деңгейін жақсартатын кешенді шараларды енгізді.

Мұндай шаралар бұрын-соңды болмаған және мемлекет ереуілге шыққандардың ғана емес, тұтас халықтың маңызды мұқтаждықтарына назар салып отырғанын көрсетеді. Бұл шаралардың бәрі – азаматтарға бағыттап жасалған шешімтал әрі жігерлі қадамдар», - дейді сарапшы.

Оның сөзіне қарағанда, автокөлікке арнаған жанармай бағасының 180 күн бойы мемлекеттік реттеуге алынуы халық тұтынатын өзге тауарлардың бағасын түсіруі керек.

«Біріншіден, автокөлікке арналған жанар-жағармай түрлерінің бәріне бағаны 180 күн мерзіммен мемлекеттік реттеу енгізілді. Мемлекет жанар-жағармай бағасы азық-түлік сияқты өзге де негізгі тұтыну тауарларының бағасын өсіретін басты фактор екенін түсініп отыр. Жарты жыл бойы бензин, газ, дизель бағасын мемлекет қолайлы деңгейде ұстап тұрады. Бұл әлеуметтік маңызы бар тауарлардың инфляциясын төмендетеді деген сөз», - дейді Қазақстан стратегиялық зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері.

Сарапшы азық-түлік бағасына инфляцияның қысымын мемлекеттік реттеу шаралары әр өңірдің экономикалық мүмкіндіктерін ескере отырып жасалуы шарт.

«Жалпы алғанда мемлекет және Президенттің өзі әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы өскеніне назар аударып отыр. Бұл көптеген елдердің, соның ішінде дамыған мемлекеттердің өзіне нағыз сынақ болып отыр

Үшіншіден, атқарушы билікке жеке тұлғалардың банкроттығын реттейтін заңнама нормаларын әзірлеуге кірісу жөнінде тапсырма берілді. Заң аясында азаматтарға кредиторлар алдындағы борышын жауып, өзінің шаруашылық қызметін «жаңа парақтан» бастау мүмкіндігі берілмек. Бұл жерде әзірленіп жатқан заң нормаларына сәйкес келетін азаматтар кредиторлардың телефон арқылы қудалауына тап келмейтін болады. Бұл заңның нәтижелерінің бірі банктер тарапынан қандай да бір төлемді кешіктірген азаматтардын борышын сотпен талап ету тоқтатылады деп топшылаймын», - дейді Бекжан Садықов.

Қазақстан стратегиялық зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері «Қазақстан хақына» қорының кімдерді қолдауға бағытталатыны туралы пайымын айтты.

«Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы аясында коммуналдық тарифке шұғыл мораторий жариялау әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған халық санатына арендалық баспананы субсидиялау мәселелері қарастырылмақ. Азаматтардың табысын шайып кетіп жатқан инфляция аясында бұл екі шара азаматтардың өз қажеттіліктерін «қалтасына қайта-қайта үңілмей-ақ» қамдауға мүмкіндік береді. Басқаша айтсақ, азаматтардың отбасылық бюджеті ай сайынғы міндеттемелердің қысымында болмайды. Керісінше әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған азаматтар санаты кеңірек тыныстауға мүмкіндік алады.

Бұған қоса, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Қазақстан халқына» дейтін қоғамдық қор құрды. Бұл қор денсаулық сақтау және балаларды қорғау саласында қордаланған мәселелерді шешу шараларын жеке меншік және мемлекеттік қаражат есебінен қаржыландырады. Қор әлеуметтік міндеттерді шешетін қосымша құралға айналады. Осы қор аясында аз қамтылған отбасылардың балаларына тегін ұсыну мәселелері қарастырылады деп топшылаймын», -деді сарапшы.


Соңғы жаңалықтар