Бекзат Нұрдәулетовтің кавказдық қарсыластары мықты – Бас бапкер

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев Токио Олимпиадасында 81 келіде өнер көрсететін Бекзат Нұрдәулетовтің алғашқы қарсыластары туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бекзаттың жеребесі оңай деп айтуға болмайды. Ресейлік Имам Хатаев деген боксшы – өте мықты спортшы. Физикалық жағынан, психологиялық жағынан да мығым. Сол жекпе-жекті жақсы өткізсе, әрі қарай біз білетін Испанияның ұлты дағыстандық боксшысы бар. Шешенстандық Хатаев та, бұл дағыстандық та физикалық және психологиялық жағынан мығым келетінін біліп отырсыздар. Бекзатқа осы бірінші жекпе-жектерден жақсылап өту керек. Оның дайындығы жақсы. Бекзатқа сенеміз. Жеке бапкері Марат Жәкиев те қасында. Дайындық ерекше болып жатыр. Бекзаттан біз үміт күтеміз», - деді Ғалымбек Кенжебаев.

Сондай-ақ, бас бапкер 75 келіде сынға түсетін Әбілхан Аманқұлдың жарақаты туралы пікір білдірді.

Соңғы жаңалықтар