Бекзат Нұрдәулетов Польшадағы бокс кешінде жеңіске жетті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшылар Бекзат Нұрдәулетов, Бекман Сойлыбаев және Мейірім Нұрсұлтанов Люблинде (Польша) өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Бірінші болып рингке Бекзат Нұрдәулетов (6-0, 2 КО) шықты. Ол грузиялық Яго Кизириямен (6-9, 4 КО) сегіз раунд жұдырықтасып, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті.

Бұған дейін хабарланғандай, қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов WBO титулын қорғаған болатын.

Бекман Сойлыбаев мансабындағы он бесінші жеңісіне қол жеткізіп, WBA екінші белбеуін иеленді.

Үш қазақстандық боксшы Польшада WBA және WBO титулы үшін жұдырықтасады.


Фото: facebook.com/boxingkazakhstan



Соңғы жаңалықтар