Бекзат Нұрдәулетов бокстан әлем чемпионы болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатында 81 келі салмақта қазақстандық боксшы жеңімпаз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық Бекзат Нұрдәулетов финалда өзбекстандық боксшы Дилшодбек Рузметовпен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен 5:0 есебін жеңіске жетті. Осылайша, Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальды салды.

Бекзат жекпе-жек басталған сәттен бастап, өзінің қарсыласынан бір бәс жоғары екенін көрсете білді.

Естеріңізге сала кетейік, Нұрдәулетов жартылай финалда 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде төрт дүркін әлем чемпионы және Рио-2016 Олимпиада чемпионы кубалық Хулио Сесар ла Крустан басым түсті. Тіпті, жартылай финалдың екінші раундында Нұрдәулетов қарсыласын нокдаунға жіберген болатын.

Міне, отандасымыз осындай мықты қарсыластарының барлығын жолдан тайдырып, әлем чемпионы атанды.



Соңғы жаңалықтар