Бектау ата шатқалындағы туристер форумына қатысушы командалар 1 млн теңгеден алды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Ақтоғай ауданындағы Бектау ата шатқалында орналасқан «Факел» сауықтыру лагерінде «Ашылулар әлемі. Жас турист. Жас іздеуші» атты экспедициялық жасақтардың туристік-өлкетану облыстық форумы өтті, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімінің ресми сайты.

Үш күндік марафонда 20 команда сайысты. Олардың әрқайсысы форумның соңында Intellektum зияткерлік ойындар кабинетін сатып алуға 1 миллион теңгеге сертификат алды.

Экспедициялық жасақтардың туристік-өлкетану облыстық форумы жыл сайын Қарағанды облысындағы балаларға арналған қала сыртындағы лагерлерде ұйымдастырылады. Биылғы жылы шараны Қарағанды облысының Білім басқармасы, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы, Қарағанды облысының білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығы, «Сарыарқа дарыны» АҒТО,

Қарағанды облыстық туристік клубы ұйымдастырды.
Форумға облыстың әр қалалары мен аудандарынан 300 бала келді. Қатысушылар ғылыми-зерттеу жобаларын қорғады. Командалар туристік салада өзара сайысты. 

Сыйлықсыз ешкім қалмады. Жеңімпаздарды І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, сондай-ақ бағалы сыйлықтар және кубоктармен марапаттады. «Өлкетану» және «Туризм» номинацияларының иегерлері таңдалды. 

Форум «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрибе және білім» қосымша бағдарламасының «Өлкетану» негізгі бағыты бойынша облыстық жобалар реестріне енгізілді. 

Соңғы жаңалықтар