Бектас Бекназаров Украина Президенті Владимир Зеленскиймен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сенатының вице -спикері Бектас Бекназаров Украинаның жаңадан сайланған Президенті Владимир Зеленскиймен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2019 жылдың 20 мамырында ҚР ҚР Сенатының вице-спикері Бектас Бекназаров Украинаның жаңадан сайланған Президенті Владимир Зеленскийдің ұлықтау рәсіміне қатысқан болатын.

Салтанатты шарадан кейін Сенат төрағасының орынбасары В.Зеленскиймен кездесіп, Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан және бүкіл Қазақстан халқының атынан Украина Президентін өз міндетіне ресми кірісуімен құттықтап, Украина халқының бақытына қызмет етуге тілектестік білдірді.

Кездесу барысында қазақстан-украина қарым-қатынасын кеңінен дамыту мәселелері де талқыланды.

Соңғы жаңалықтар