Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 14 °С
Алматы: 35 °С
USD 346.68 EUR 404.02
RUB 5.47 CNY 51.15
Жаңалықтар

Бектас Бекназаров Сенат төрағасының орынбасары болды

2017 жылғы 14 қыркүйек 12:13 2003
Бөлісіңіз:
Бектас Бекназаров Сенат төрағасының орынбасары болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында Бектас Бекназаров пен Дархан Кәлетаевтың қызметтері бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасы Жарлығымен бірқатар Сенат депутаты қайта тағайындалды

Осы орайда, Президенттің ұсынуы бойынша депутаттар жасырын дауыс беру арқылы Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы етіп сайлады. 

Заңнамаға сәйкес, Палата төрағасы орынбасарының кандидатурасын ұсынады. Сенат регламентіне орай, Сенат төрағасының орынбасары палата депутаттары арасынан жалпы санының көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы жалпы отырыста сайланады.

«Осыған байланысты Сенат төрағасының орынбасары қызметіне депутат Бектас Әбдіханұлы Бекназаровты ұсынамын», - деді Палата төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Дауыс беру нәтижесінде, Бектас Бекназаров Сенат төрағасының орынбасары лауызымына қайта сайланды.

Бұдан бөлек, Дархан Аманұлы Кәлетаев сенаторлыққа қайтадан тағайындалуына байланысты ол тұрақты комитеттің құрамына сайланды. Атап айтқанда, ол Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде жұмысын жалғастыру туралы ниет білдірді.

 

 


Басты сөздер: Сенат, Тағайындау,
Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат