+7 (701) 759 90 19
USD 378.86 EUR 416.78
RUB 6.06 CNY 54.62
Jańalyqtar

Бектас Бекназаров Білім министріне: Реформалардың санын емес, сапасын арттыру керек

2019 жылғы 5 желтоқсан 12:27
Бөлісіңіз:
Бектас Бекназаров Білім министріне: Реформалардың санын емес, сапасын арттыру керек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Білім саласына шетел тәжірибесін енгізуде асығыстық танытпау керек. Бұл туралы Сенат төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыдағы әл-Фараби орталығы қалай жұмыс істейді Елордада екінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушыларына да сабақ болмайды Мәжіліс халықаралық пошта транзитіне қатысты құжатты мақұлдады

«Бүгінгі талқылау барысында шетел тәжірибесі дегенге көбірек көңіл бөліп отырмыз. Шетел тәжірибесінде барлығы дұрыс деп кім кепілдік беріп айта алады?! Әр мемлекеттің өзінің тиісті құрылымы, заңы, ділі мен ерекшелігі, талаптары бар. Сондықтан шетел тәжірибесі деген мәселеге тоқталсақ, ол қаншалықты біздің мемлекеттің мүддесіне сәйкес келеді? Осыған назар аударуымыз керек. Мысалы, Жапонияда 12 жасқа дейінгі баланы мектепте тек қана жапон тілінде оқытады. Соның арқасында жапон тілі өз деңгейін жоғалтпай, барлық жерде кеңінен пайдаланылуда», - деді Б. Бекназаров Сенаттың жалпы отырысында.

Бұл тұрғыда ол шетел тәжірибесін ұсынар алдында осы жаңашылдықтар мемлекетіміздің мүддесіне қаншалықты сай келетінін тыңғылықты пысықтау керектігін атап өтті.

«Асхат Қанатұлы, өзіңіз басшылық жасайтын білім және ғылым саласындағы реформалардың санын ғана емес, сапасын арттыру керек. Кез келген реформаның тиімділігіне баса назар аудару қажет. Ол қаншалықты қажет? Келтіретін зиянды тұстары жоқ па? Пайдалы әрі ұтымды бағыттары қандай? Атап айтқанда, осы сұрақтарға нақты жауаптар болуы тиіс. Қандай да бір реформаны іске асырмас бұрын, алдын ала және жан-жақты зерделеу жұмыстарын жүргізіп, оны қоғамдық талқыға салу керек. Білім саласының жағдайына қазір қоғам қандай баға беріп жатқанын бәріміз жақсы білеміз. Қоғам үшін өскелең ұрпақты тәрбиелеуде, яғни осындай маңызды мәселелерде асығыстық жасауға болмайды», - деді Бектас Бекназаров Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке қарата айтқан сөзінде.

Фото: ru.wikipedia.org

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Парламент, Білім,
Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT