Бекшин тауға шығып, демалуға неліктен тыйым салынғанын түсіндірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда өткен онлайн брифинг барысында Жандарбек Бекшин 14 шілдеден бастап тауға шығуға неге тыйым салғанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз ылғи жақсы болсын, адамдар таза ауамен демалсын деген оймен тауға шығуға рұқсат беріп едік. Арты не болды? Таудың әр талының түбінде - 1 самаурын, 20-30 адам. Бұл - шарасыздықтан енгізілген шектеу. Осындай басқосуларға тыйым салу үшін қаулыны өзгертуге тура келді. Тауға жаяу, велосипедпен баруға болады. Автокөлікпен жүруге болмайды. Тамақ ішіп, дастархан жаюға тыйым салынады», - деді Ж.Бекшин.

Айта кету керек, Алматыда 14 шілдеден бастап тауға шығуға тыйым салынған болатын.



Соңғы жаңалықтар