Бекшин коронавирусты кімдер жиі жұқтыратынын айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин бүгін онлайн-брифингіде алматылықтар қай жерде коронавирусты жиі жұқтыратынын айтты деп, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, індет оптимистік көрсеткіштерге қарамастан әлі де қауіпті.

«Бүгінде қаланың инфекциялық стационарларында 673 адам коронавирустан емделіп жатыр. Оның ішінде 17 бала бар. Сондықтан 12 жастан асқан жасөспірімдерді белсенді вакциналау өте маңызды. Жаңа «дельта» нұсқа балалар үшін өте қауіпті әрі тез жұғады. Егер өткен жылы 281 оқушы жұқтырса, осы жылдың басынан бері індетке шалдыққандар саны - 15 039», - деді қаланың бас санитарлық дәрігері.

Эпидемиолог алматылықтар қай жерде коронавирусты жиі жұқтыратынын айтты.

«Жұқтырғандардың ішінде ең көп бөлігі өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтар – 28%, зейнеткерлер – 25%, түрлі ұйымдар, ЖШС, жеке ксіпкерлік қызметкерлері – 21%. Бір апта ішінде жұқтырғандардың жалпы санынан жасөспірімдер 5,3%, 14 жасқа дейінгі балалар – 13,3%, оның ішінде 1 жасқа дейін – 2,2% құрайды», - деп атап өтті Жандарбек Бекшин.


Соңғы жаңалықтар