Бекшин авиарейспен келетін жолаушыларға қатысты шектеулерді түсіндірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бүгін Алматыда онлайн брифинг барысында қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин «Алматы қаласында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі одан арғы шаралар туралы» қаулысын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, қаулыда Алматы қаласына шетелден авиарейстермен келетін адамдарға қатысты қадамдық шектеу шаралары айқындалды:

1) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын адамдар ҚР РМемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәтте 72 сағаттан ерте емес іріктелген ПТР әдісімен COVID-19 -ға тестілеуден өткені туралы анықтама (бұдан әрі-анықтама) болмаған кезде кіргізілмейді;

2) Қазақстан Республикасының келген азаматтары анықтама болмаған жағдайда, ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін карантиндік стационарға 2 тәулікке оқшаулауға жатады.

Осы шараларды іске асыру үшін Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы:

- инфекциялық стационарда анықтаманың болуына қарамастан дене қызуы жоғары адамдарды оқшаулауға міндеттеледі. COVID-19-да оң нәтиже алғаннан кейін олар індетке шалдыққан науқастарға арналған стационарға ауыстырылады. Сондай-ақ, карантиндік стационарларда жолаушыларды бақылау қолға алынбақ;

- ПТР теріс нәтижелерін алғаннан кейін азаматтар карантиндік стационарлардан дереу шығарылады;

Алматы қаласының әкімдігі, Алматы қаласы қалалық мобилдік басқармасы, «Алматыэлектротранс» ЖШС:

1) Анықтамасыз шетелден келген Қазақстан Республикасының азаматтарын Алматы халықаралық әуежайынан карантиндік стационарға дейін тасымалдауға міндеттеледі.

3. Алматы қаласы туризм басқармасы, Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы:

1) Қазақстан Республикасына шетелден келетін тұлғаларға қойылатын талаптардың өзгергені туралы туроператорларды хабардар етуге;

2) карантиндік стационарларды Анықтамасыз келген халықаралық рейстердің жолаушыларын қабылдауды анықтауы және дайындауы (тұрмыстық жағдайлар, ауыз сумен және ыстық тамақпен қамтамасыз ету) тиіс.

4. Алматы қаласы халықаралық әуежайының әкімшілігі:

- Әуежай қызметтері мен ведомстволардың функционалы бойынша (полицияның желілік бөлімі, Шекара қызметі, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет) және т. б. өзара іс-қимыл алгоритмін әзірлеу және бекітуге;

- әр рейстен кейін әуе кемелерін, әуежай терминалдарының барлық үй-жайларын дезинфекциялауға;

- әуе кемесінен тіркеуден, отырғызудан және түсіруден өту кезінде жолаушылар арасындағы қауіпсіз қашықтықты (кемінде 1 метр) және бетперде режимін сақтауға;

- «COVID-19 әуежай» чатына анықтамалары жоқ жолаушылар саны туралы мәліметтер ұсынуға міндеттеледі.

5.Әуежай полициясының желілік бөлімі және Алматы ПД карантиндік стационарларға емдеуге жатқызуға жататын адамдарды есептеуді, отырғызуды қамтамасыз етуі тиіс.

6.Шекара қызметі басқармасына, әуежайдың санитарлық-карантиндік пунктіне:

1) шекаралық бақылау барысында жолаушылардың толып кетуіне жол бермеу мақсатында 30-40 адамнан тұратын жолаушыларды кезең-кезеңімен түсіруді, сондай-ақ паспорттық бақылаудың барлық 14 кабинасының жұмысын реттеуі қажет;

2) жолаушыларды екі санатқа бөле отырып, ПТР тестілерінің болуын тексеруі (№1 санат-ПТР тестілері бар, № 2 санат-ПТР тестілері жоқ);

3) әуежай терминалында №1 санаттағы жолаушыларды халықаралық ұшып келудің негізгі залына қызметтік көлікпен жіберуі;

4) № 2 санаттағы жолаушыларды арнайы бөлінген көлікпен тасымалдау қызметі агентінің алып жүруімен халықаралық ұшып келудің қосымша залына жіберуі;

5)№ 2 санаттағы жолаушыларды шекаралық бақылауды өткеннен кейін карантиндік стационарда оқшаулау үшін алдын ала дайындалған арнайы көлікке жіберуі тиіс.

7. «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы қаласы бойынша филиалы

1) шетелден анықтамасыз келген Қазақстан Республикасының азаматтарын ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қарауды;

2) сынамалар жеткізілген сәттен бастап 8-12 сағат ішінде ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қарау нәтижесін беруді;

3) ПТР әдісімен COVID-19-ға тексеру нәтижелерін беру мерзімін қысқарту үшін комиссиясының рұқсатын алған зертханаларды тартуды.

4) ПТР диагностикасының сынамаларын алу үшін медициналық лицензиясы бар субъектілер тарту қамтамасыз етуі қажет.


Соңғы жаңалықтар