Бекман Сойлыбаев титулдық жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында Golden Boy промоутерлік компаниясы өткізетін кәсіпқой бокс кешінің қарсаңында салмақ өлшеу рәсімі өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ВКонтакте желісіндегі «Профи Бокс Казахстана» тобына сілтеме жасап.

Осы бокс кешінде қазақстандық Бекман Сойлыбаев (11-0, 4КО) 29 жастағы мексикалық боксшы Фернандо Варгасқа (32-12-3, 21КО) қарсы шаршы алаңға шығады.

Боксшылар бірінші жеңіл салмақтың талаптарынан (58,9 килограмға дейін) шыға білді. Жекпе-жекте Сойлыбаевқа тиесілі WBC International чемпиондық титулы сарапқа салынады.

Қызықты бәсекені ESPN және «Хабар» телеарналары тікелей эфирден көрсетеді. Трансляцияның басталуы Астана уақытымен 20 қазан күні таңғы 07:00-ге жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар