Бекман Сойлыбаев 4 жылдан кейін рингке оралады

None
None
⠀НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Екінші жартылай орта салмақтағы WBC International-дың бұрынғы чемпионы, қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев (12-0, 4КО) рингке қашан оралатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Boxrec.com мәліметінше, Сойлыбаев ұзақ үзілістен кейінгі жекпе-жегін 10 шілде күні Дубайдаға (БАӘ) бокс кешінде өткізеді. Айқас 8 раундқа есептелген. Оппоненты әзірге белгісіз.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы профирингке соңғы рет 2017 жылдың 19 қазанында шықты. Ол Лас-Вегастың (АҚШ) Monte Carlo Resort and Casino аренасында төрешілердің бірауызды шешімімен мексикалық Фернандо Вергасты жеңді. Солайша, Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) нұсқасы бойынша екінші жартылай жеңіл салмақтағы құрлықаралық чемпион титулын қорғап қалды.


Соңғы жаңалықтар