«Бекіре» балық қорғау акциясы: балық аулау талаптарын бұзған 81 адам ұсталды

None
Фото: t.me/knbgov_kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Бекіре» балық қорғау акциясы аясында 348 (2 175 кг) бекіре тұқымдас балық, 14 722 (9 984 кг) ұсақ тұқымдас балық және 7 (141 кг) итбалық табиғи мекендеу ортасына жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылғы 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында ҰҚК Шекара қызметі Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша департаменттері «Бекіре» балық қорғау акциясы аясында балық аулаудың бекітілген тәртіптері мен талаптарын бұзған 34 кіші көлемді жүзу құралдарымен 81 адамды ұстады, 2 302 875 сомасында әкімшілік айыппұл салынды, 152 550 метр браконьерлік торлар, 6 650 метр күршектік құрылғылар тәркіленді.
Табиғи мекендеу ортасына 348 (2 175 кг) бекіре тұқымдас балық, 14 722 (9 984 кг) ұсақ тұқымдас балық және 7 (141 кг) итбалық жіберілді.
Алдын ала деректер бойынша алды алынған мемлекеттік шығын 746 млн. аса теңгені құрайды.
Сонымен қатар, жасырылған жерлерден 32 (160 кг) бекіре тұқымдас балық және 1 722 (433 кг) ұсақ тұқымдас балық табылды.




Соңғы жаңалықтар