Бекіре алып бара жатқан атыраулық Ұлттық ұландықтарға қатысты қылмыстық із қозғалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат  - Атырауда бекіре балығымен ұсталған Ұлттық ұлан қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР ҚК-нің 339-бабы «Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталған іске қатысты барлық  тергеу материалдары  әскери полицияға берілді», - деді Атырау облыстық ІІД балық қорын қылмыстық әрекеттерден қорғау бөлімінің бастығы Серік Жанұзақов.

Еске сала кетейік, 22 мамыр күні Ұлттық ұлан қызметкерлері «Пешной» бекетінде кезекші жол-патрульдік полициясы қызметкерлері Дамба бағытынан келе жатқан 55/46 әскери бөлім қызметкерлері мінген арнайы Газель автокөлігін тоқтатып, тексеру барысында автокөліктен 5 пакетке салынған 47 дана бекіре тұқымдас балық тапты. Балықтың жалпы салмағы 160 кг.

Соңғы жаңалықтар