+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

«Бекіре» акциясының барысында 250 заң бұзу әрекеті анықталды

2019 жылғы 17 сәуір 09:27
Бөлісіңіз:
«Бекіре» акциясының барысында 250 заң бұзу әрекеті анықталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Жайық-Каспий бассейнінде жүргізілген «Бекіре» операциясының барысында табиғатты қорғау заңнамаларын бұзудың 250 әрекеті анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Аумақтағы 250 бұзушылықтың 173-і Атырау облысында, 68-і Маңғыстау облысында және 9-ы БҚО-да анықталған. 191 адам әкімшілік жауапқа тартылды. 14 қылмыстық-жазаланатын әрекет тіркеліп, 2,3 млн теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынды. Құқық бұзушылардан 8 тонна 811 келі балық тәркіленді. Оның ішінде 621 келісі бекіре тұқымдас балықтар және 3,2 келі қара уылдырық болған», - деп хабарлады Атырау аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының ресми өкілі Олег Тушканов.

Еске салайық, браконьерлерден балықтарды қорғауға бағытталған «Бекіре» акциясы 1 сәуірде басталды.

Автор: А. Соколов

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Атырау облысы, Экология, Заң,
Бөлісіңіз:

Автор:

-Ақбөпе Әбдрасул

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT