«Бекіре» акциясы: Қазақстандықтар 21 тонна балықты заңсыз аулаған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Бекіре» акциясы барысында заңсыз ауланған 21 тонна балық тәркілденді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның атап өтуінше, Жайық-Каспий бассейнінде заңсыз балық алулаудың алдын алдын алуға бағытталған «Бекіре» акциясы өткізілді. Акция аясында Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының Полиция департаменттері балық және балық өнімдерін заңсыз аулаудың, сатудың алдын алуға бағытталған жедел іздестіру іс-шараларын жүргізді.

«Іс-шара сәуір айынан бастап ҰҚК Шекара қызметі, табиғатты қорғау прокуратурасы, кедендік бақылау және балық қорғау органдарымен бірге жүргізілді. Батыс өңірдің полиция органдары 419 құқық бұзушылықты, оның ішінде заңсыз балық аулаудың 259 фактісін анықтады. 419 құқық бұзушы ұсталып, 21 тоннадан астам балық тәркіленді. Оның ішінде 4,5 мың тонна бекіре тұқымдас балық бар. Сонымен қатар 242 аулау құралы, 13 үзу құралы тәркіленді», - деді ол.

Ресми өкілдің дерегінше, балық ресурстарын заңсыз аулау, қылмыстық жолмен ауланған балықты сатып алу және сатуға қатысты 67 қылмыстық іс тіркелді.

«Қазіргі уақытта 8 қылмыстық іс сотқа жіберілді. 352 әкімшілік хаттама толтырылып, 6 млн теңгеге айыппұл салынды. Мәселен, Форт-Шевченко қаласында жергілікті тұрғынның үйінен 900 келіге жуық бекіре балығы табылды. Атырау облысының су полициясы қызметкерлері Атырау қаласы тұрғынынан жалпы салмағы 1 тоннаға жуықтайтын заңсыз ауланған 247 бекіре балығын тәркіледі. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», - деді Нұрділдә Ораз.


Соңғы жаңалықтар