«Бекіре» акциясы: 200-ге жуық адам жазаға тартылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биылғы сәуірдің басынан бері «Бекіре - 2019» акциясы барысында 250 табиғат қорғау заңнамасын бұзушылығы анықталды. Бұл туралы ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің басқарма басшысы Қадырбек Исқалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«1 сәуірден бастап Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында «Бекіре - 2019» балық қорғау акциясы басталды. Акция басталғаннан бері 250 табиғатты қорғау заңнамасын бұзғандар анықталды. Оның ішінде Атырау облысының аумағында - 173, Маңғыстау облысында - 68, БҚО-да 9. Жалпы әкімшілік жауапкершілікке 191 адам тартылды, 13 қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi тіркелді және 2,3 млн теңге әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар, заңсыз әрекеттер салдарынан 8 тонна 715 келі балық, оның ішінде 536 келі бекіре тұқымдас балық ауланып, 3,2 келі уылдырық алынды» - деді Қ.Исқалиев баспасөз мәслихатында.

Ведомство мәліметіне қарағанда, 2018 жылы елімізде табиғат қорғау заңнамасын бұзған 8840 әкімшілік құқық бұзушылық фактісі тіркелді. 180 браконьерлік оқиғасы тіркеліп, оның 78 фактісі киік бойынша, ал 102 фактісі басқа жануарлардың түрлеріне қатысты. 2019 жылдың І тоқсанында осындай 1740 заң бұзушылық анықталды.

Соңғы жаңалықтар