+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

«Бекіре –2020» акциясы: Заңсыз ауланған 14 тонна балық тәркіленді

2020 жылғы 16 маусым 17:04
Бөлісіңіз:
«Бекіре –2020» акциясы: Заңсыз ауланған 14 тонна балық тәркіленді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Еліміздегі Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында «Бекіре –2020» балық қорғау акциясы кезінде 13,9 тонна балық заңсыз айналымнан алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының ресми өкілі Олек Тушкановтың мәліметінше, аталған акция кезінде 759 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сондай-ақ, 33 қылмыстық іс қозғалған. Соның нәтижесінде 13 млн теңге айыппұл салынған.

«Заңсыз сауда айналымынан 13,9 тонна балық алынды. Оның ішінде 943,9 келі бекіре тұқымдас балық бар. Сонымен бірге, 16,34 келі қара уылдырық, 439 ау жарағы, 119 жүзу құралы тәркіленді» -дейді Олег Тушканов.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау полициясы жарты тоннадан астам бекіре тиелген көлікті ұстады.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT