+7 (701) 759 90 19
USD 418.67 EUR 507.64
RUB 5.71 CNY 64.74
Jańalyqtar

Бекетаев Стати ісі жайлы: Қазақстан бәріне нақты сигнал беруі керек

2020 жылғы 30 қараша 16:35
Бөлісіңіз:
Бекетаев Стати ісі жайлы: Қазақстан бәріне нақты сигнал беруі керек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әділет министрі Марат Бекетаев Статиге қарсы істе Қазақстан тарапы неліктен соңына дейін күресуі керектігін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда басқарма басшыларының бірі ұсталды Алик Шпекбаев ашық әкім кабинетінің қандай болатынын айтты Алтай Көлгінов пен Алик Шпекбаев «Астана – адалдық алаңы» жұмысымен танысты

«Бәлкім «Стати ісіне қаншама қаражат кетіп жатыр, одан да содан төлеп құтылған дұрыс шығар» деген пікір айтылуы мүмкін. Менің жауабым – ол дұрыс емес. Себебі Қазақстан бұл тұрғыда бәріне нақты сигнал беруі керек. Мен бұрын да ол туралы жиі айтып келемін. Осы істен бас тартып, негізсіз берешекті беріп құтылу туралы ұсыныс бірнеше рет түскен болатын. Қазақстанға келіп, инвестор түрін көрсетіп, тиісті инвестииця салмай, кейін тіпті мемлекеттен қандай да бір қаражатты алып қалмаққа тырысса – оған жол беруге болмайды. Стати арбитражда ГӨЗ құрылысына 230 млн доллар жұмсағанын мәлімдеп, ал шын мәнінде 180 млн долларды офшорға шығарса, қазір сол 180 млн долларды Қазақстаннан өндіргісі келсе, онда менің жауабым қарапайым – бұл қаражатты ол ала алмайды!» - деді Марат Бекетаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Әділет министрі Стати ісі бойынша осы жылдың сәуірінде Лондон соты Қазақстанның пайдасына шешім шығарғанын хабарлады. Бұл шешім – Ұлттық қордан ешкім ешқандай сома ала алмайтынын айғақтайды. Лондон сотының шешімі Стати ісі бойынша ғана емес, келешектегі барлық іс бойынша Қазақстанның пайдасына жарайды.

«Дәл осындай шешімге біз Стокгольмде де ие болдық. Аталмыш шешім де Қазақстанның алдағы кейстері үшін қызмет етеді. Біз мұнымен тоқтап қалмай, оған қарсы талаптарды қойып жатырмыз. Нью-Йоркте Статидің облигацонерлеріне қатысты шағым түсірдік. Кейбір облигацонерлер Статимен белсенді түрде серіктесіп келген. Статиге қарсы шағым түсірудің орнына олар Статимен бірігіп, Қазақстаннан өндірілуі мүмкін қаражатты бөліп алмақ болған. Бұл облигацонерлер қателісіп қалды. Біз бұл туралы біліп қойдық. Олардың Статимен белсенді түрде серіктескені, әртүрлі процестерге оған көмектескені туралы құжатталған дәлелдер бар. Сол себепті қарама-қарсы талапты біз қойып отырмыз», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT