Бекболат Тілеухан: Назарбаевтың есімін ұлықтау - Тәуелсіздіктің қадірін білу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан елорда атауын өзгерту бастамасына пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әрине, дұрыс шешім деп білемін. Қазіргі кезде түрлі пікір айтылуда. Жалпы, Қазақстанда тарихи әділ шешім жасалды және осылай болуы керек деп ойлаймын. Өйкені, Тәуелсіз Қазақстанның жолы Нұрсұлтан Әбішұлының есімімен тығыз байланысты. Тиісті қабылданған шешімге тоқталсақ, мұндай жағдай әлемдік тәжірибеде бар», - деді депутат елордадағы Наурыз мерекесін тойлау шарасында.

Осы орайда Б. Тілеухан АҚШ негізін салған Джордж Вашингтон есіміне кезінде лайықты баға берілгенін атап өтті.

«Сондықтан Назарбаевтың есімін ұлықтау - ол Тәуелсіздіктің қадірін білу деген сөз. Бұл тұрғыда мен осындай пікірді ұстанып тұрмын», - деді депутат.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Президент міндетін уақытша атқаруға кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының атауын Нұрсұлтан деп өзгерту туралы ұсыныс жасаған болатын.

Парламент Астананың атауын Нұрсұлтан деп өзгерту туралы құжатты қабылдады.

Соңғы жаңалықтар