+7 (701) 759 90 19
USD 389.34 EUR 428.78
RUB 6.05 CNY 55.45
Jańalyqtar

Бекболат Тілеухан білім министріне: Орта білімдегі проблемаларды шешсең, хатшың болуға дайынмын

2019 жылғы 21 қазан 12:54
Бөлісіңіз:
Бекболат Тілеухан білім министріне: Орта білімдегі проблемаларды шешсең, хатшың болуға дайынмын

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орта білім саласындағы проблемалар шешілсе, Білім министрінің көмекшісі болуға дайынмын. Парламент Мәжілісіндегі білім мәселесіне арналған Үкімет сағатында депутат Бекболат Тілеухан осылай мәім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда 1000-ға жуық оқушы қатысқан облыстық слет өтті Нұрлан Нығматулин ресми сапармен Вьетнамға барады Фатима Жақыпова ҚР білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды

«Білім саласынан, оның ішінде орта білімнен маңызды мәселені көріп тұрғаным жоқ. Жасыратыны жоқ орта білімдегі сорақылық, оқулық мәселесі қоғамның титығына тиіп бітті. Бала түгілі ата-анасы түсінбейтін тақырып, шешілмейтін есеп қоғам тарапынан қандай сынға ұшыраса да міз баққан жүйе жоқ. Мазақ па, енжарлық па, оны түсінбедік. Бізде Конституция бойынша жалпы негізі білім алу ақысыз, бірақ жақсылап оқыту үшін репетитор жалдауға мәжбүр боламыз», - деді Бекболат Тілеухан.

Сонымен қатар депутат салада білікті маман даярлау проблемаларына да тоқталды.

«Бүгінгі білім жүйесін қарап отырсақ, құрдымға беттеп бара жатыр. Қай жағынан келсек те, сын көтермейді. Сондықтан жүйені түбегейлі қайта қарау керек. Оқулық шығару жүйесін, мұғалімдер даярлауды қайта қараған жөн. Асхат, жақсы жігітсің, азаматсың. Енді осы мәселелерге қажыр-қайратпен кірісейікші. Тап осы мәселе шешілетін болса, депутаттық мандатымды беріп, көмекші әрі хатшы болып баруға дайынмын», - деді Б. Тілеухан ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке қарата айтқан сөзінде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT