Бекарыс Сәдуақас Еуропа кубогінде қола медаль жеңіп алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Грекия астанасы Афиныда дзюдодан жастар арасындағы Еуропа кубогі аяқталды. Соңғы жарыс күнінде татамиге шыққан екі қазақ балуаны да жүлдеге ілікті, деп хабарлайды Olympic.kz.

90 келіде сынға түскен Қуандық Стамполов финалға дейін сүрінбей, шешуші жекпе-жекте ресейлік қарсыласына жол берді. Осылайша, Еуропа кубогінің күмісін иеленді.

Ал 100 келіге дейінгі салмақта жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы атанған Бекарыс Сәдуақас Афины төрінде қола медальға қол жеткізді.

Азамат Мұқанов жаттықтыратын Қазақстан жастар құрамасы Грекиядан жалпы есебі жеті медаль жеңіп алды. Кеше бес дзюдошымыз жүлдегер атанған болатын.

Соңғы жаңалықтар