Бек Нұрмағанбет пен Әбілхан Аманқұл АҚШ-та жекпе-жек өткізеді

None
Фото: sports.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жеңіліп көрмеген қазастандық боксшылар Бек Нұрмағанбет (8-0, 6КО) пен Әбілхан Аманқұлдың (2-0, 2КО) рингке оралатын күні белгіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанның кәсіби боксы» парақшасында BoxRec.com ақпаратына сүйеніп мәлім етілгендей, спортшылардың келесі айқасы 15 сәуірде Помона қаласында (АҚШ, Калифорния штаты) өтеді. Олардың қарсыластарының кім екені әзірге айтылмады.

Бұған дейін жазғанымыздай, қазіргі уақытта Нұрмағанбет пен Аманқұл екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес пен Сан-Диегода бір залда дайындалып жатыр.
Отандық боксшылар бұған дейін былтыр 22 қазанда Мексикада айқас өткізді: Бек техникалық нокаутпен үшінші раундта жергілікті боксшы Лусиано Чапарро Араухоны (7-6-3, 3КО) жеңсе, Әбілхан екінші раундта тағы бір мексикалық Йеассона Пачеконы (6-1, 3КО) нокаутқа жіберді.


Соңғы жаңалықтар