Бек Нұрмағанбет кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жектен кейін әлемдік рейтингте ТОП-100-ге енді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет (2-0, 1 КО) жақында Атырауда өткен турнирде жеңіске жеткеннен кейін Boxrec.com портал рейтингінде өз орнын айтарлықтай жақсартты, деп жазады ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, алты раундтың қорытындысы бойынша Нұрмағанбет Танзаниядан келген Абдалла Паззиді (11-8, 10 КО) жеңген болатын – 60-52, 60-52, 60-52. Жартылай ауыр салмақтағы Нұрмағанбет BoxRec рейтингінде бірден 411 позицияға — 506-орыннан 95-орынға көтерілді.


Соңғы жаңалықтар