07.07.2022 20:51 Атырауда 17 жасар бозбаланы тепловоз қағып кетті АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 17 жасар бозбаланы тепловоз қағып, ол жедел жәрдем көлігінде көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
07.07.2022 20:46 Теңіз кен орнында қайтыс болған екі жұмысшының несиесі жабылады АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Теңіз кенішіндегі жарылыстан қайтыс болған екі жұмысшының несиесі жабылады. Бұл туралы «Сенімді құрылыс» компаниясының өндірістік қатынастар жөніндегі менеджері Гүлмира Батпанова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
07.07.2022 19:52 Теңіз кенішіндегі жарылыстан жарақаттанғандардың бірінің жағдайы ауыр АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Теңіз кенішінде болған жарылыстан екі жұмысшы қайтыс болып, үш адам жарақат алған еді. Қазір бір жұмысшы аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жағдайы ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
07.07.2022 19:25 Атырауда өртенген үйден 25 адам эвакуацияланды АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда өртенген үйден 20-ға жуық ересек адам мен 5 жасөспірім эвакуацияланды. Бір жасөспірім көмірқышқыл газына уланып қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
07.07.2022 14:05 Атырауда сұйытылған газ сақтау паркіне 5 млн теңгеге жуық айыппұл салынды АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда сұйытылған мұнай газын сақтау паркіне 5 млн теңгеге жуық айыппұл салынды. Бұл туралы табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
06.07.2022 20:07 Теңіз кен орнындағы жарылыс құбырдың фланецті қосылысының үзілуінен болған АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының Теңіз кен орнындағы жарылыс құбырдың фланецті қосылысының үзілуінен болған. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс бөлімінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
06.07.2022 19:11 Атырау облысында 2 мыңға жуық жұмыссыз адамды оқытуға 158 млн теңге бөлінді АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 2 мыңға жуық жұмыссыз адамды оқытуға 158 млн теңге бөлінді. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
06.07.2022 17:48 Атырау облысында көне қорғаннан сармат дәуіріндегі жәдігерлер табылды АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында көне қорғаннан сармат дәуіріндегі жәдігерлер табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
06.07.2022 17:05 Теңіз кен орнындағы жарылыстан зардап шеккендерге материалдық көмек көрсетіледі АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Теңіз кен орнындағы жарылыстан зардап шеккендерге материалдық көмек көрсетіледі. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
06.07.2022 16:19 Теңіз кен орнында жарылыстан жарақат алғандардың екеуі ауруханаға жеткізілді АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Теңіз кен орнында жарылыстан жарақат алғандардың екеуі ауруханаға жеткізілді. Оның біреуі облыстық, екіншісі Жылыой аудандық орталық ауруханасында жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
06.07.2022 14:43 Атырау облысындағы Теңіз кен орнында жұмысшы асылып қалған АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнында мердігер компанияда еңбек ететін жұмысшы суицид жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
06.07.2022 14:20 Теңіз кен орнында жарылыс болып, екі адам қаза тапты АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында орналасқан Теңіз кен орнында жарылыс болды. Жарылыстан екі адам қаза тапты. Ал, үш адам әртүрлі дене жарақатын алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
06.07.2022 02:12 Атырау облысында оғыз-қыпшақ дәуіріндегі балбал тас табылды АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында оғыз-қыпшақ дәуіріндегі балбал тас табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
05.07.2022 22:40 Атырауда көші-қон заңнамасын бұзған 900 шетелдік әкімшілік жауапқа тартылды АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда көші-қон заңнамасын бұзған 1 486 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Оның ішінде шетелдік 900 азамат бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
05.07.2022 19:22 Атырау облысында жайылымның 32 мыңға жуық гектары шегірткеге қарсы өңделді АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жайылымның 32 мыңға жуық гектарына шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмысы жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
05.07.2022 17:59 Атыраудан Ресейге қатынайтын жолдың 9 шақырымы пайдалануға берілді АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраудан Ресейдің Астрахань облысына қатынайтын жолдың 9 шақырымы пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
05.07.2022 16:59 Атырау облысында коронавирус жұқтырушылар көбейіп барады АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында кейінгі үш айда ревакциналаудан өткендер саны 25% өсті. Алайда, коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі көбейіп барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
05.07.2022 13:40 Атырау облысыда үш айда 1 мыңнан аса тонна балық қырылған АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының су айдындарында үш айда 1 493 тонна балық қырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
04.07.2022 21:20 Атырау облысында алты айда жол апатынан 40 адам мерт болды АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында алты айда 153 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жол апатынан 40 адам мерт болып, 189 адам әртүрлі дене жарақатын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
04.07.2022 18:55 Атырауда Безымянный көліндегі оттегі мөлшері мен су тереңдігі тексерілді АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Безымянный көліндегі оттегі мөлшері мен су тереңдігі тексерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.