+7 (701) 759 90 19
USD 439.01 EUR 474.61
RUB 5.75 CNY 61.91
Jańalyqtar

Бэк Эйр ұшағының қалай құлағаны көрсетілді

2020 жылғы 19 ақпан 17:49
Бөлісіңіз:
Бэк Эйр ұшағының қалай құлағаны көрсетілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекетаралық авиация комитетінің бас директоры Виктор Сороченко Бэк Эйр ұшағының апатқа ұшырауының басты себебін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мұндай авиациялық оқиғалар бұған дейін де болған. Апатты жағдайда ұшуды орындау барысын біз Францияда 2007 жылы байқаған едік. Мемлекетаралық авиация комитетінің мамандары бұл апатты жан-жақты тексеріп, сараптама жасадық. Аталған авиациялық оқиғаға байланысты Франция билігі бізге барлық мәліметтерді, ұшу параметрлерін ұсынған болатын. Ал біз сол оқиға кезіндегі ұшу параметрлері мен өткен жылдың 27 желтоқсанында Алматыдағы ұшақ ұшуының параметрлерін салыстырып шықтық. Осы екі авиациялық оқиға параметрлерінің ұқсас екендігін айта аламын», - деді ол.

Оның дерегінше, аэродинамикасы өте ұқас болып келетін Fokker F28 және Fokker 100 ұшақтары 106 рет апатқа ұшыраған. Соның кемі сегізінде ұшақтың ұшып шығу барысында құлауына қанаттарының бетіне мұз қату себеп болған. Ал Бек Эйр ұшағы Алматы әуежайынан 6 метр көтерілгеннен кейін сол қанатына 5 градусқа одан кейін оң жаққа қарай 19 градусқа күрт ауытқыған.

«Мен ұшақ апатының екі ғана себебін көріп отырмын. Олар: қанаттардың зақымдануы, бүлінуі, көтеру қабілеті төмендеуі немесе мұз қату. Комиссия авиациялық оқиға орын алғаннан кейін әуе кемесін қарап шығып, қанаттарының зақымданбағандығын анықтады. Мен тәжірибеме сүйеніп, айтарым, мұнан өзге себебін көріп те тұрған жоқпын. Сондықтан біз ұшақ қанаттарына мұз қатты деген нұсқаға ең бірінші кезекте мән береміз», - деді Виктор Сороченко.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT