БЭК аясында бәсекелестікті дамытудың Бірыңғай стратегиясы әзірленеді
2013 жылғы 1 шілде 14:58

БЭК аясында бәсекелестікті дамытудың Бірыңғай стратегиясы әзірленеді

АСТАНА. 1 шілде. ҚазАқпарат - Бірыңғай экономикалық кеңістік елдерінің бәсекелестікті дамыту жөніндегі Бірыңғай стратегиясы әзірленуі мүмкін.

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Болатбек Қуандықов осылай мәлім етті. Еске салсақ, Үкімет отырысында тауар нарықтарында бәсекелестікті қорғау жүйесін жетілдіру мәселесі талқыланған болатын.

Агенттік төрағасының айтуынша, Еуразиялық экономикалық кеңістікке қарасты Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрлігінің монополияға қарсы органдарының үйлестіру кеңесін құру көзделуде. Бұл «3+1» форматында Бірыңғай экономикалық кеңістікке (БЭК) қатысушы елдер мен Кеден одағы аясында өрбиді.

«Сонымен қатар, аталған кеңестің жұмысы шеңберінде БЭК елдерінің бәсекелестікті дамыту жөніндегі Бірыңғай стратегиясын әзірлеу жоспарланады. Ол тауар нарықтарының бәсекеге қабілеттілігін жақсарту бойынша мемлекет қабылдайтын шаралардың тиімділігін арттыруға жәрдемдесетін болады», - дейді Б. Қуандықов.

Оның сөзіне қарағанда, аталмыш стратегия алдыңғы қатарлы халықаралық тәжрибені ескереді және бәсекелестіктің басты қағидаттарын негізге ала отырып, тауар нарықтарында бәсекеге қабілеттілікті дамыту бағдарламаларын әзірлеу үшін стандарттарға арқау болады. Бұдан бөлек, стратегияда экономиканың негізгі салаларында монополиялану деңгейін және өңірлік бәсекелестіктің қарқындылығын көрсететін индикаторлар қамтылады.

Сондай-ақ... оқыңыз

Jańalyqtar

MURAǴAT