«Bek Air» үстінен қайтарылмаған билет бойынша тағы арыз түсті - комитет

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті «Bek Air» әуекомпаниясына қатысты талап арызды толықтырмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетсек, 2020 жылдың 31 қаңтарында Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті «Bek Air» әуекомпаниясына тұтынушылар құқығының бұзылуына байланысты талап арыз берген болатын. Талап арызға сатып алынған авиабилеттерге ақшасы қайтарылмаған 20 тұтынушының өтініші негіз болған.

«Сотқа талап арыз берген сәттен бастап «Bek Air» әуекомпаниясына қатысты Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің «шұғыл желісіне» 100-ден астам адам өтініш келді. 57 тұтынушының бұзылған құқығын қалпына келтіру бойынша 32 өтініш түсті. 10 ақпанға дейін комитет жалпы сомасы 2 146 199 теңгеге 77 тұтынушының бұзылған құқығын қалпына келтіру үшін 44 өтінішті қабылдады», - деп хабарлайды комитеттен.

Тұтынушылар ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетіне «шұғыл желі» телефондарына кеңес алу үшін мына нөмірге хабарласа алады: 74-98-32, 74-98-36. Осыдан кейін өтініштер комитетке (Нұр-Сұлтан қаласы Мәңгілік ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі», 2 кіреберіс) жолданады.

Сонымен қатар, өтінішті «Электрондық үкімет» (egov.kz). порталына жіберуге болады.

Өтініштерді белгіленген үлгіде жіберу қажет. Оны «шұғыл желіге» қоңырау шалып немесе комитеттің сайтындағы сілтемеден көшіріп алу қажет. Бұдан бөлек, фискалдық чектердің немесе басқа да растайтын құжаттардың, билеттердің және жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін қоса беру керек.



Соңғы жаңалықтар