+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

Bek Air ұшағының екінші ұшқышының жағдайы белгілі болды

2019 жылғы 27 желтоқсан 13:40
Бөлісіңіз:
Bek Air ұшағының екінші ұшқышының жағдайы белгілі болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының екінші ұшқышының жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

54 жастағы Миржан Мулдахунов № 4 ауруханаға жеткізілді.

Ұшқыш жабық ми жарақатымен түсті. Миы шайқалған, сол жақ беті мен шүйде тұсы жыртылған. Кеуде тұсы ауыр соққы алған.

Ал әуе кемесінің командирі 57 жастағы Марат Мұратбаев оқиға орнында қаза болды.

«Таңнан бері жедел жәрдем біздің ауруханаға 19 адам жеткізді. Олардың 11-інің жағдайы өте ауыр болғандықтан, жансақтау бөліміне жатқызылды. Қазіргі таңда 6 пациентке шұғыл ота жасалды. 8 адам әлі жансақтау бөлімінде жатыр. 2 адам, өкінішке орай, қайтыс болды. Басқаларының өмірі үшін күресіп жатырмыз», - деді № 4 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы Айман Байзолданова.

Оның айтуынша, емханада штаб құрылды. Пациенттердің туыстарымен психологтар жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, бүгін таңда Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан ұшақ радардан жоғалып кетті.

Кейін 95 жолаушысы және 5 экипаж мүшесі бар ұшақтың апатқа ұшырағаны мәлім болды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ұшақ құлаған аумаққа арнайы комиссия ұшып шықты. Осы апатқа қатысты шұғыл желі іске қосылған.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатына кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланатынын мәлімдеді. Елбасы Нұр-Сұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT