+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Bek Air компаниясының тағдыры 20 қаңтарда шешіледі

2020 жылғы 16 қаңтар 13:46
Бөлісіңіз:
Bek Air компаниясының тағдыры 20 қаңтарда шешіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дүйсенбі, 20 қаңтар күні «Bek Air» әуе компаниясының алдағы тағдырына қатысты түпкілікті шешім қабылданады. Бұл жайында «Хабар-24» телеарнасының «Рақым Ошақбаевпен дөңгелек үстел» бағдарламасына сұхбат берген «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ бас директоры Питер Гриффитс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Комиссиямен сөйлестім және келесі дүйсенбіде Bek Air болашағына қатысты түпкілікті кесімді күтуге болады. Аталған әуе компаниясының сертификаты (IOSA сертификаты) болмаса да ұшақтарды пайдалана беруін жалғастыруы бұл компанияда бірдеңенің дұрыс болмағандығын дәлелдейді. Сондықтан да әуе компаниясының қалай жұмыс істегендігіне қатысты тергеуді бастау туралы шешім қабылдадым. Қысқа ғана уақыттың ішінде 2 тосын оқиға болды және бұл - алаңдатарлық жайт. Біз бұл әуе компаниясы авиациялық қауіпсіздіктің барлық талаптарын қалай сақтағанын және мұның барлығын қалай бақылағандығын тексеруге тырысамыз», - деді Питер Гриффитс сұхбат барысында.

Айта кетейік, «Bek Air» Қазақстанның авиациялық әкімшілігін пайдаланушы сертификатын қабылданған шешім туралы хабардар етпей және себебін көрсетпей тоқтатты деп айыптаған болатын. Осы айыптауға жауап берген Қазақстанның авиациялық әкімшілігі пайдаланушы сертификатының қолданылуын тоқтата тұруға «Фоккер-100» ұшағының апаты себеп болғанын айтқан.

«Бұл туралы 2019 жылғы 27 желтоқсанда «Bek Air» АҚ атына жіберілген РД270510 радиограммасында тікелей көрсетілген. Мұндай шешім «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Заңға сәйкес қабылданды. Онда сертификаттың қолданылуы ұшу қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін заңнама талаптарының елеулі бұзылуы анықталған кезде шектелетіні көрсетілген. Сондай-ақ бұл шара жоғарыда көрсетілген қағидалардың талаптарын негізге алады. Оған сәйкес уәкілетті ұйым пайдаланушы сертификаттық талаптар мен шектеулерді сақтамаған жағдайда пайдаланушы сертификатының қолданылуын тоқтата тұрады» делінген таратылған ақпаратта.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT