23.03.2023 13:39 Қарақалпақстандық қандастар Алматыда Наурыз мейрамын атап өтті АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қарақалпақстанның Тақтакөпір ауданы Жаңадария ауылының бұрынғы және қазіргі тұрғындары Алматы облысы, Іле ауданының Чапаев ауылдық округінде Наурыз мейрамын атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
11.02.2023 10:03 Өзбекстанда дәріден балалардың қайтыс болуы: Фармацевтика агенттігінің экс-басшысы ұсталды ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Фармацевтикалық желіні дамыту агенттігінің бұрынғы басшысы қамауға алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
13.01.2023 22:35 Өзбекстаннан Қазақстанға қатынайтын автобустар уақытша тоқтатылды ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстанда халықаралық бағыттар бойынша тұрақты автобус қатынасы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өзбекстан көлік министрлігіне сілтеме жасап.
10.11.2022 10:23 Түркі мемлекеттері ұйымының Инвестициялық қоры құрылады ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Түркі мемлекеттері ұйымының Инвестициялық қоры құрылады. Бұл туралы Өзбекстан Премьер-Министрінің орынбасары – Инвестициялар және сыртқы сауда министрі Джамшид Ходжаев экономика және сауда министрлерімен кездесуден кейін мәлімдеді, де хабарлайды ҚазАқпарат yuz.uz-ға сілтеме жасап.
26.08.2022 16:00 Қарақалпақстан Жоғарғы кеңесінің төрағасы сайланды TAШКЕНТ. ҚазАқпарат - Қарақалпақстан Республикасы Жоғарғы кеңесінің кезектен тыс 34-сессиясы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ӨзА-ға сілтеме жасап.
31.05.2022 11:27 Тұрар Рысқұлов Түркістан өлкесіндегі ашаршылық кезінде 1 млн адамның өмірін сақтап қалған НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркістан өлкесінде алғашқы ашаршылық 1917-1923 жылдарда болды. Сол ашаршылықтан елді аман алып қалуда Тұрар Рысқұловтың еңбегі орасан. ҚазАқпарат тілшісі зұлматты жылдардағы деректермен бөліседі.
28.04.2022 17:25 Өзбекстанда туыстар бір-біріне үйленбес үшін некеге тұратындар тест тапсырады ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстанда 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап некеге тұратын тұлғалар өз қаржысына молекулярлық-генетикалық тексеруден өтеді. Бұл жайлы ҚазАқпарат тілшісі ӨзА агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
05.02.2022 11:40 ӨзА-ның құрылғанына 30 жыл толды ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Бүгін Өзбекстан ұлттық ақпарат агенттігінің (ӨзА) құрылғанына 30 жыл толды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
09.01.2022 13:38 Серік Ақсұңқарұлы, ақын: Ереуілшілер мен содырларды шатастырып алмау керек НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің барлық дерлік өңірлеріндегі, әсіресе Алматыдағы жағдай жағаны ұстатты. Қазір жағдай тұрақталған секілді. Дегенмен, осы оқиғаларға қатысты іс-шаралар барысында шұғыл әрекет еткенде ереуілшілер мен басбұзар содырларды шатастырып алмау керек. Танымал ақын, мемлекеттік сыйлықтың иегері Серік Ақсұңқарұлы осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
09.01.2022 11:19 Кәдірбек Сегізбай, жазушы: Отан өзімізге керек НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- Соңғы күндерде елімізде адам қиялына да кірмеген оқиғалар орын алуда. Белгілі бола бастағанындай, шетелдерде арнайы дайындықтан өткен содырлар қару-жарақпен елімізге кіріп алып, көптеген өңірлерде бір мезгілде кәдімгідей майдан ұйымдастырды.
24.12.2021 16:31 Қарақалпақстандық оқушы АҚШ университеттерінің 297 мың доллар грантын жеңіп алды НӨКІС. ҚазАқпарат – Қарақалпақстанның Нөкіс қаласындағы президент мектебінің 11 сынып оқушысы Арыслан Қалбаев АҚШ университеттерінің жиыны 297 мың доллар гранттарын жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
06.12.2021 16:08 Есенқұл Сафуани - Тәуелсіздік туралы Заңға ілеспе аударма жасаған тұлға НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы Заң шығару институтының жетекші ғылыми қызметкері, белгілі журналист Есенқұл Сафуани 75 жасқа толды. Танымал публицист Сәулебек Жәмкеновтің «Үш қиян» баспасынан шыққан «Жеті бел асқан жетеу» атты кітабында Е. Сафуани жайлы қызғылықты деректер бар. Өнегелі өмірі кітапқа арқау болған тұлға туралы сыр шертуді жөн санадық.
05.11.2021 16:23 Өзбекстан Президентінің инаугурациясы күні белгілі болды ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – 6 қараша күні сағат 11:00-де Ташкентте Олий Мажлисі ғимаратының жаңадан салынған үлкен мәжіліс залында Олий Мажлистің Заң шығару палатасы мен Сенатының жаңа сайланған Президентті ұлықтауға арналған бірлескен отырысы өтеді.
04.10.2021 09:53 Қырғызстанда «Орталық Азияның алтын кітабы» әлемнің 30 тілінде жарыққа шықты БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстанда «Орталық Азияның алтын кітабы» жарыққа шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
23.09.2021 14:46 Өзбекстан Жоғарғы соты ақтаған 115 «басмашының» тізімі жарияланды ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстанның Жоғарғы соты Совет кезінде сотталған басмашылық қозғалысы мүшелерінен 115 адамды ақтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ӨзА-ға сілтеме жасап.
25.08.2021 11:32 Қазақ әншісі «Өзбекстан халық әртісі» атағын алды ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай кеше Өзбекстан Республикасы Президентінің бір топ өнер, мәдениет, спорт және қоғам қайраткерлерін мемлекеттік атақтармен марапаттау туралы Жарлығы шықты. Солардың арасында этникалық қазақ, әйгілі опера әншісі Жеңісбек Пиязов «Өзбекстан халық әртісі» атағын алды. Осыған орай, ҚазАқпарат тілшісі Өзбекстандағы опера әншісі және оның өнер жолына келуіне тікелей әсер еткен Пиязовтар әулетінің танымал тұлғалары туралы оқырмандарға мағлұмат ұсынады.
23.07.2021 14:09 24 қазанда Өзбекстан Президентінің сайлауы өтеді ТАШКЕНТ. ӨзА - ҚазАқпарат -Бүгін, 23 шілдеде Өзбекстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Ол үлкен саяси процестің бастамасы болды. Өзбекстан Республикасы Президентін сайлау науқаны басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ӨзА-ға сілтеме жасап.
20.07.2021 10:00 Орта Азия мен Қазақстанның абсолют чемпионы болған Әбиболла балуанды білесіз бе НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен ғасырдың 50-60-жылдарында «Орта Азия және Қазақстан халықтарының спартакиадасы» атты айтулы спорт жарысы болған. Алғаш рет Ашхабад қаласында өткен сол спартакиадада күрестен абсолют чемпион атағына қол жеткізген Әбиболла Садықов атты қарақалпақстандық қандасымыз жайлы ҚазАқпарат тілшісінің зерттеуін назарларыңызға ұсынамыз.
27.06.2021 11:31 Көрші елдегі қазақ баспасөзі:Ташкентте республикалық қазақ газеті қалай ашылған еді НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бұдан 30 жыл бұрын Ташкент қаласында «Достық туы» атты газет ашылып, Өзбекстандағы қазақ журналистикасының жаңа дәуіріне жол ашқан болатын. Қазақстандағы Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі аталмыш газеттің бас редакторы Ақан Ташметовпен әңгімелескен еді. Сұқбатты назарларыңызға ұсынамыз.
22.06.2021 11:08 Маршал Рокоссовский дивизиясында батальон командирі болған қазақты білесіз бе НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осыдан дәл 80 жыл бұрын, 1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германия Совет Одағына басып кірді. Дәл осы күні Ұлыбританияның Премьер-Министрі Уинстон Черчилль фашистік Германияға қарсы соғыста Совет Одағына қолдау көрсететінін мәлімдеді. 1945 жылға дейін жалғасқан Екінші дүниежүзілік соғысқа Қазақстаннан 1,2 млн-нан астам адам аттанды. Айта кетерлігі, Екінші дүниежүзілік соғыста ерекше қабілетімен көзге түскен әскери қолбасшылардың бірі - Константин Константинович Рокоссовский болатын. Ол - екі елдің (1944 жылы Совет Одағының, 1949 жылы Польшаның) маршалы атағын алған жалғыз тұлға. Ал осы әйгілі Рокоссовский дивизиясында Жұмамұрат Ерекешов деген қазақ батальон командирі болғанын көпшілік біле бермейді. ҚазАқпарат тілшісі оқырманның назарын осы мәселеге аудартып, азырақ зерттеуін ұсынады.